Илья Ильин танымал кореялық әнші PSY-мен селфи жасады (фото)

0
437

Ауыр атлетикадан 4 дүркін әлем чемпионы, 2 мәрте Олимпиада ойындарының жеңімпазы Илья Ильин танымал адамдармен селфи жасауды жалғастырды.

psy ильин

Бүгін ол танымал кореялық әнші PSY-мен селфи жасап, Instagram-дағы парақшасына салған. Суреттен PSY атымен танылған әншінің шапан киіп тұрғанын байқауға болады.

Орталық Азия елдеріне алғаш рет сапарлатқан PSY LG компаниясы шығаратын G-4 телефонының таныстырылымына келіпті.

Кейін PSY-дың ән салып тұрған видеосын жүктеген Илья “PSY менің елімде!”деп жазба қалдырды.

Бұдан бөлек, PSY-дың әйгілі Gangnam Style әнін  Алматыда орындаған сәтінен үзіндіні Mband тобының әнщшісі Анатолий Цой да жүктеген.

Естеріңізге сала кетейік,  Ильиннің президент Нұрсұлтан Назарбаевпен жасаған селфиі көпшілікке кеңінен танылған болатын.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз