Ресейдің экс-губернаторы мен бизнесменінің балалары жантүршігерлік апатта қаза болды

0
407

 

27 маусым күні таңертең Мәскеу орталығында “Порше-991″ көлігінде отырған ресейлік экс-губернатор мен бизнесменнің балалары жол апатына ұшырап, қаза болды.

В страшном ДТП погибли сыновья экс-губернатора и бизнесмена

Жолдың беті суланып, дымқыл тартып жатқан кезде аса жоғары жылдамдықпен жүрген жүргізуші көлік рөліне ие бола алмай бағанға соғылды. Соққыдан көлік бөліктерге бөлініп кетті, деп хабарлайды РИА “Новости”.

“Сағат таңғы 7:20-да Большая Якиманка көшесінде “Порше” жүргізушісі көлікті басқара алмай, бағанға соғылды. Алдын ала мәлімет бойынша, оның ішінде болған екі адам да қаза тапты”, – деп баяндады Мәскеу полициясы.

Полицияда қаза тапқандардың есімі туралы нақты ақпаратты ресми растаған жоқ. Алайда БАҚ-қа көліктің ішінде Иркутск облысы бұрынғы губернаторының баласы, 23 жастағы Игорь Есиповский мен танымал бизнесмен Игорь Баллоның баласы, 26 жастағы Талья Балло отырғаны белгілі болды.

Иркутск губернаторы Игорь Есиповский 2009 жылдың 10 мамырында Малышкино шатқалында “Белл-407″ тікұшағы апатқа ұшырағанда қаза тапқан.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз