Франциядағы сұйытылған газ зауытына шабуыл жасады деген күдікті өз бастығының басын кесіп, фотоға түскен деп жазады Би-би-си.
Селфи үлгісіндегі фотосуретті WhatsApp хабарлама қызметі арқылы Солтүстік Америкада тіркелген нөмірге жіберген. Суретті алушының есімі анықталу үстінде.
Лион маңындағы Сен-Кантен-Фаллавье зауытына жұма, 26 маусым күні шабуыл жасалды. Көліктік компанияның қызметкері қызметтік көлігімен кәсіпорынның аумағына кіріп, одан кейін далада тұрған газ баллондарына соғылған. Қойма жұмысшыларының ешбірі зардап шеккен жоқ, алайда оқиға орнында ер адамның басы кесіліп жатқаны және ислам атын жамылған содырлардың тулары анықталды.
Шабуыл жасады деген күдікпен 35 жастағы Ясин Сали есімді адам ұсталды. Париж прокуратурасы өкілінің айтуынша, әзірге ол кінәсін мойындаған жоқ.
Дереккөз: ИА «Казинформ»