Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Италия премьер-министрі Маттео Ренцимен бірге лифтіде қамалып қалды. Оқиға 27 мамыр күні Миланда болған.
Италиялық басылым La Stampa-ның хабарлауынша саясаткерлер бір орында қатып қалған лифтіде бірнеше минут бойы тұрған.
Аталмыш мәселені тез арада шешу үшін, өрт сөндірушілерге балтаны пайдалануға тура келді.
Болған жағдайды екі саясаткер де әзіл ретінде қабылдап, ал бірнеше сағаттан кейін Ренци Қазақстан мен Италияның қарым-қатынасы одан әрі беки түскенін айтып қалжыңдаған.
Еске сала кетсек, 1 маусымнан бастап Миланда әлемдегі ең ауқымды ЭКСПО-2015 бүкіләлемдік көрмесі өтіп жатыр.
27 маусым күні Нұрсұлтан Назарбаев көрмеде Қазақстан күнін ашып, осыдан кейін Италия премьер-министрі Маттео Ренцимен бірге Қазақстан-Италия бизнес форумына қатысты.
Дереккөз: Nur.kz