Қазгидромет еліміздің 6 облысында өте күшті аптап ыстық болатындығы жайлы шұғыл ескерту таратты.
29 маусым – 1 шілде аралығында күндіз Атырау облысында +40+43 градус аптап ыстық сақталады.
30 маусым – 2 шілде аралығында күндіз Маңғыстау облысында +40+45 градус аптап ыстық күтілуде.
30 маусым – 2 шілдеде күндіз Қызылорда облысында аптап ыстық +45 градусқа дейін көтеріледі.
30 маусым – 1 шілдеде күндіз Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай облыстарында кей жерлерде +40 градусқа дейін аптап ыстық болуы ықтимал.
Дереккөз: ИА «Казинформ»