Қостанай облысында 5 қабатты үйдің биіктігіне тең құйын болып, нөсер жауды (фото)

0
1311

26 маусымда Қостанай облысы табиғаттың дүлей күшінен зардап шекті. Аудандық спартакиада жүріп жатқан Сарыкөл стадионында құйын болып, Лисаковта нөсерден көшелерді су басты.

WF9Zzg4ml9Y

“Бір уақытта спартакиаданың барлық көрермендері 5 қабатты үйдің биіктігіне тең қара құйынның стадионға қарай жақындап келе жатқанын байқап қалды. Бәрі қаша бастады. Кейбірі қашып үлгермеді. Желден сауда шатырлары қирап, көп адамдар мангалдан ұшқан көмірден күйіп қалды. Бір қызды құйын өзіне тартып әкетті. Ол көптеген дене сынықтарын алды дейді. Кейін құйын ғимараттың қабырғасына соғылып, ғайып болды. Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем 15 адамды алып кетті”, – дейді Сарыкөл тұрғыны Кристина Билак “Костанайские новости” порталына.

Сарыкөл аудандық емханасынан қыз баланың қаншалықты ауыр жарақат алғанын анықтап білу әзірге мүмкін болмады.

Ал Лисаков қаласында қатты нөсер көшелерді су алабына айналдырды деп хабарлады Qostanay.tv. Жарты метр биіктікке дейін барған су кей көліктердің нөмірлерін шайып әкеткен.

Лисаков коммуналды қызмет өкілдері төтенше жағдай орын алғанын хабарлады. Тұрғындар нөсер ағатын шұңқырлардың дұрыс орнатылмағанын алға тартуда.

Ал Рысбай ауылының тұрғындары диаметрі 2 см-ге дейін жететін бұршақ жауғанын айтуда деп жазды “Наша газета”. Тұрғындарға үй құстарын құтқарып, оларды жылындыруға тура келген.

Сарыкөлден фото

pOxB2asA-BQ

8Fd-zxcCGIE

Лисаковтегі нөсердің салдары

img-2828

img-2824

img-2831

 

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз