Шымкентте кәсіпкер үйге «мина қойып», бірнеше адамды тұтқынға алған

0
481

Шымкентте 52 жастағы ер адам бірнеше адамды тұтқынға алып, бес қабатты үйге мина қойғанын айтып ҰҚКД-нің кезекшілік бөліміне телефон соққан деп хабарлайды ОҚО ІІД-нің баспасөз қызметі.

8678626

Оқиға 29 маусым күні сағат 23:30-да орын алған. ҰҚКД-нің кезекшілік бөліміне телефон соққан белгісіз ер адам бірнеше адамды тұтқынға алғанын, бес қабатты үйге мина қойғанын айтып,  ҰҚКД-нің жоғары өкілетті офицерімен кездесуін талап етті деп хабарлайды Қазақпарат.

Келіссөздер барысында талаптар қоюшы азамат шын мәнісінде жарылыс затын қойдым деген үйге қарама-қарсы үйдің ішінде болғаны анықталды.

Террористің кім екені ұялы телефон арқылы анықталған. Ол атышулы қылмыстық іс бойынша куәгер болып жүрген жергілікті кәсіпкер деп хабарлады Tengrinews.kz.

Ер кісі $100 мың ақшаны қолма-қол беріп, тағы 200 мың теңгені жеке шотына түсіруді талап еткен.

Бұдан өзге азамат сотталған 3 ер кісіне түрмеден босатып, Ил-62 М ұшағын беру шарттарын қойған. Оның сөздеріне сенсек, үш ер кісі жазықсыз түрмеге жабылған.

Шымкент ІІБ-ның бастығы Данияр Мейірханның айтуынша, ОҚО ІІД генералы Асқар Оспанов және басқа жоғары өкілетті офицерлердің басшылығымен бір жарым сағат жүргізілген іс-қимылдар кезінде ер адам сыртқа шығарылып, сол жерде ұсталды.

Қойылған бомба туралы хабарланған телефон қоңырауынан кейін 300-ден астам адам қауіпсіз жерге көшірілген.

Олардың арасында бес қабатты үйдің тұрғындары, сондай-ақ екі дәмхана мен шағын маркеттердің келушілері мен қызметкерлері болған.

Бұдан басқа, қоршалған орында арнайы операция аяқталғанша көлік қозғалысы тоқтатылып, коммуникациялар ажыратылған.

Ұсталған «телефон лаңкесі» 1963 жылғы ер адам екені анықталды. Оған қатысты Қылмыстық кодекстің 273 бабы («Лаңкестік актісі туралы көрінеу жалған хабарлама беру») бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз