Алматы облысының тұрғыны өзімен құрдас келіншекті 70 мың теңгеге сатып жіберді

0
384

Алматы облысы Іле ауданының 31 жастағы тұрғыны өзімен түйдей құрдас келіншекті 70 мың теңгеге сатып жіберген. Бұл туралы қалалық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.

Сексуальное-рабство

Қылмыскер ақшасын алып жатқан жерден ұсталды. Жанды тауарға айналған келіншек Тараз қаласынан күнкөріс қамымен келген.

Полиция қызметкерлері анықтағандай, оған дейін Іле ауданының тұрғыны келіншекті бопсалап, ақылы түрде жыныстық қатынасқа түсуге мәжбүрлеген.

«Зорлық құрбаны болған келіншек қазір тиісті арызды жазды. Оның айтуынша, күдікті оны қалаға алдап шақырған. Ұзақ уақыт ішімдікке тойдырып, мәжбүрлі түрде жыныстық қызмет көрсетуге итермелеген. Қазір жапа шеккен келіншек халықаралық ұйымдардың бірінде оңалту шараларынан өтіп жатыр», – деді қалалық ІІД Ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының басшысы Таңат Назанов.

Аталған дерек Қылмыстық кодекстің 128-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірегей тізіліміне тіркелді.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз