Алматыдағы “Азық-түлік” дүкенінде жезөкшелер ордасы жұмыс істеп келген (фото)

0
395

 

Абай мен Саин көшелерінің қиылысындағы аталған мекеме бір көргеннен еш күдік туғызбайды. Алайда полицейлер «Азық-түлік» деген маңдайша жапсырылған дүкеннің ішінде жезөкшелер ордасы жұмыс істеп келгенін анықтады.

20150629124438Әкімшілік екінші қабаттағы бөлмелерді ақылы түрде жыныстық қызмет көрсетуге жалға беріп келген.

Тексеру барысында 16 жеңіл жүрісті бойжеткен ішкі істер органына жеткізілді. Олардың төртеуі Өзбекстан мен Қырғызстаннан келген.

20150629124443

Полиция өкілдерінің мәлімдеуінше, 29 маусым мен 2 шілде арасындағы рейд барысында 22 бойжеткен бөлімшеге жеткізілді. Олардың 7-уі Абай көшесінде қызмет көрсетіп келген.

20150629124428

«Рейд барысында қаладағы барлық көңіл көтеретін орындар тексерілді. Ұсталған тұлғалардың көбі ҚР Көші-қон туралы заңнамасын бұзып келген шетелдік азаматтар болып шықты. Олар әкімшілік жауапкершілікке тартылды», – деді қалалық ІІД Ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының басшысы, полковник Таңат Назанов.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз