Өскеменде облыстық ТЖ департаментінің сүңгуірлері Ертіске секірген 28 жастағы жас ер адамды құтқарып қалды. Оқиға күндізгі уақытта вокзал маңындағы өзенде орын алған.
Бастапқыда жігіт жақын жерде көпір жөндеп жатқандардың назарын аудартты. Жұмысшылар дереу құтқарушыларды шақыртты.
Көпір жақтауында тұрған әлгі жігіт Ертіске секірді. Оқиға орнына келіп жеткен сүңгуірлер жұмысшылардың көмегімен оны судан алып шығып, бірінші медициналық көмек көрсеткен соң, дәрігерлерге тапсырды.
Куәгерлер жігіттің өзін бір түрлі ұстанғанын, және оның әрекеттері жүйке ауытқуы бар адамға ұқсайтынын айтты.
Қалалық ТЖБ баспасөз қызметінің хабарлауынша, «куәгерлер мен құтқарушылардың жедел көмегінің арқасында өз-өзіне қол салу әрекетіне жол берілген жоқ».
Дереккөз: ИА «Казинформ»