СІМ шекарада қазақстандықтың өлтiрілуіне қатысты Өзбекстанға наразылық нотасын жолдамақ

0
351

Сыртқы iстер министрлiгi өзбек шекарашыларының Қазақстан азаматын атып тастауына қатысты мәлiмдеме жасады.

яцукеапу54внеы2в4

“28 маусым күнi Уәлихан Ахметов оққа ұшты. Ол 1978 жылы туған, ОҚО Сарыағаш ауданы Қызыл Әскер ауылының тұрғыны. Осы орайда, СIМ Уәлихан Ахметовтiң қазасына байланысты туған-туыстарына, жақындарына көңiл айтады. Бұл оқиғаға Қазақстан тарапы наразылық бiлдiредi. Бейбiт күнде Қазақстан азаматтарына қару қолдану Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы әрiптестiк, бауырластық, стратегиялық қарым-қатынастарға қайшы келетiндiгiн атап өтемiз”, – деді СIМ ресми өкiлi Алтай Әбибуллаев.

Сонымен бірге Әбибуллаев Қазақстан азаматтарына қару қолдану қисынсыз шара  екенін атап өтті.

“Бiз аталмыш оқиғаның егжей-тегжейлi әрi жан-жақты тергеудi талап етемiз. Себебi Өзбекстан шекарасын кесiп өтуi мүмкiн Қазақстан азаматтарына қару қолдану қисынсыз шара деп есептеймiз. Бiз бұл оқиғаның мұқият тергелуiн талап етемiз. Толық ақпарат ұсынылып, кiнәлiлер жазалануы тиiс. Қазақстан Сыртқы iстер министрлiгi наразылық нотасын дайындады”, – дедi Әбибуллаев.

Ресми өкiлдiң атап өткенiндей, нотаны табыстау үшiн Қазақстандағы Өзбекстан елшiсi министрлiкке шақыртылды. Оның сөзiне қарағанда, зардап шеккен тарапқа Қазақстан заңдарына сәйкес көмек көрсетiледi.

Айта кетейiк, Оңтүстік Қазақстан облысының Өзбекстанмен шекаралас аймағында өзбек әскерилерi Қазақстан азаматын атып тастаған болатын.

Қайғылы оқиға 28 маусым күні кешкі сағат 21-50 шамасында болған. Қазақстанның екі азаматы Сырдария өзенінде балық аулаған. Өзбек шекарашылары оларға он рет оқ атқан. Соның екеуі 36 жастағы Уәлихан Ахметовке тиген. Екінші балықшы аман.

Марқұмның артында 7 баласы қалды.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз