Астана қаласы Тұран даңғылында орналасқан қазақ батырының ескерткішіне мініп, фотоға түскен жас жігіт көпшіліктің жағасын ұстатты.
Ескерткішті ермек еткен жігіт қазақ батырының басына отырып алған.
Еске салсақ, бұған дейін де жастардың ескерткіш басына мініп түсу жағдайлары БАҚ назарына іліккен болатын.
Талдықорғанда Қабанбай батыр ескерткішінің үстіне екі азаматтың шығып алғаны ғаламтор беттеріне жарияланып, елдің ашуын тудырған.
20 мамырда полиция мүсінге шығып алған бұзақыларды құрықтап, жауапкершілікке тартты.
Бұдан өзге тағы бір жеткіншектің Ұлы отан соғысында қаза болған сарбаздарға қойылған ескерткіш басына мініп алып түскен фотосы ел назарына ілікті.
Фотодағы жігіт касканың үстінде гүл ұстап, риза болып тұрғанына қарағанда ол ұятты қылық жасап тұрғанын түсінбейтін секілді.
Ал мына фотода жас жігіт Алматыдағы “Битлз” тобына қойылған мүсіннің басына мініп алған.
Дереккөз: Nur.kz