Қазақстан одақтастарына қандай өнім экспорттайды?

0
462

ff32374278ecbc256ea78556c558bb0a

Бізде кез келген ауқымды шара – «тарих» деп саналады. Мысалы, «ЕАЭО» құрылғаны – тарих, Кедендік одақ – тарих, Саммит өткізсек – тарих т.с.с. Міне, тағы бір жаңа тарихқа аяқ бастық. 19 жылғы  созылған келіссөздер аяқталып, Қазақстан ДСҰ-ға мүше болып кірді. Қазақстан Дүниежүзiлiк сауда ұйымына мүшелiкке қабылданар тұста, осы бір  Кедендiк одақтың қажетi не деген заңды сұрақ туындағаны рас. Кедендiк одаққа кiрерде “170 миллион халықтан тұратын нарық бiзге есiгiн айқара ашады” деген ұрандар көтерiлдi. Одақтасып жүргенімізге біраз уақыт өтсе де, айтарлықтай өзгеріс байқала қойған жоқ. Енді міне,  желтоқсан айынан бастап 160 елмен жеңiлдетiлген тәртіпті еркiн сауда аймағы құрылмақ. ДСҰ-дың артықшылығы да осы.  Жә, осы тұста kazdata.kz агенттігінің ақпараттарына сүйене отырып,  «Қамшы» порталы енді КО және ЕЭО тұсындағы Қазақстанның импорты мен экспортын салыстырып көрді.

Әлемдік нарық үздіксіз айналымда. Соның бір мүшесі болып, үздіксіз сауда саттыққа араласуға Қазақстан да ниет білдірген болатын. 19 жылдан соң, ниетіміз қабыл болды. ДСҰ-ға кіргеннен соң, экономиканың артқан, артпағандығын біле жатармыз. Қазір, өзге одақтың, ЕЭО-ға мүше болған жылдағы Қазақстанның сыртқы саудадағы үлесі артты ма? Әлде…  Сонымен Қазақстан қандай елдерге тауарларын сатып отыр? Ең басты экономикалық серіктестеріміз кімдер? Олардың ортақ  нарықтағы үлесі қанша?         

Қазақстан АҚШ-қа қандай тауарларын сатып отыр?

ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер жөніндегі комитеті келтірген мәліметтерге сүйенсек, 2015 жылдың қаңтар-мамыр айларындағы Қазақстанның АҚШ-қа экспорты – 148,2 млн долларды құраған.

Байытылған уран 32 млн. $
Табиғи өңделмеген уран 35,6 млн. $
Феррохром 25 млн. $
Өңделмеген тантал 15,8 млн. $
Сары фосфор 13,7 млн. $
Ферросипихохром 5,6 млн. $
Титан 5,6 млн. $
Шикізат түрлері 4,2 млн. $
Кремний 2,2 млн. $
Құрал-жабдықтар (запчасти) 910,5 мың $
Арматура, труба т.б. 856 мың $

Қазақстанның ЕАЭО аясы елдерімен тауар айналымының 2015 жылғы көрсеткіші.

ЕАЭО елдері Тауар айналымбарлығы Пайыздық үлесі Биылғы жылғыпайыз Экспортбарлығы Пайыздық үлес Былтырғы жыл
Армения 403,1 0,0 47,1 387,2 0,0 48,1
Белорусь 43,201,6 3,0 76,1 39,964,0 0,7 60,1
Ресей 1,390, 351,9 97,0 82,5 908,402,7 99,3 79,2

Түйін: ҚР Статистика агенттігің мәліметіне сүйенсек,  2015 жылдың сәуір айының қорытындысы бойынша Қазақстанның жалпы тауар айналымы –  6 730 678 млн $-ды құраған. Ал осы  кезең аралығындағы Қазақстанның жалпы импорт көлемі – 2 890 242 млн. $-ға тең келген. Сырттан импорталатын тауарлар арасында ең көп сұранысқа ие болған көлік жабдықтары, электротехникалар т.б. Бұл жалпы тауар айналымының  27,08%-ын құраған. Ал сәуір айындағы Қазақстанның экспорты – 3  840 435 млн. $-ды құрап отыр.

Ал Қазақстанға тауар ипторттап отырған елдерің ішінде алғашқы үштікке – Қытай, Ресей және АҚШ кіріп отыр. АҚШ бізден тек шикізат өнімдерін сатып алып отырғанымен, қазіргі таңдағы ең басты серігіміз- Ресей. Биылғы жылдың сәуір айының қорытындысы бойынша импорт көлемі:

Ресей Федерациясы – 908 321 мың $.

Қытай Халық Республикасы – 474 717 $.

АҚШ – 271 638 $.

 

Нұргелді Әбдіғаниұлы

«Қамшы» сілтейді

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз