Жириновский: Донбасста соғысып жүрген орыстар сонда өлулері тиіс

0
476

image16574687_257169a0d58b46247ff5ca037e947948

Осыған дейін тек жағымсыз бейнесімен  танылып келген ресейлік саясаткер, РЛДП жетекшісі Владимир Жирирновскийдің Қазақстан территориясына қатысты  кешегі мәлемдемесі қазақстандық БАҚ-та қызу талқыға түскен болатын. Бұл туралы «Қамшы» порталында жариялаған болатынбыз.   Дума депутатының тосын баяндамасы әдеттегідей,  құр айқай, жалаң һәм жалған сандырақ емес, нақты фактілерге сүйене отырып, ресейліктердің қазақ жері көз алартып отырмағанын жеткізген есті әңгіме болған. Жириновский өз көзқарасын, ұстанымын 180 градусқа өзгерткеніне  көбіміздің сенгіміз жоқ, әрине.  Владимир Вольфовичті қазақстандықтар жек көретіні де жасырын емес. Енді Жириновский тек  Қазақстанда ғана емес, Ресейде де жағымсыз саяси кейіпкерге айналды.

Ресейлік телеарналадың бірінде, тікелей эфирден Владимир Жириновский тосын мәлімдеме жасады. Ол қазір Донбасста соғысып жүрген ресейліктер сонда «өлулері» керек, олар соғыстан соң Ресейге келетін болса, біздің елдегі «қылмыскерлердің» саны артып кетуі мүмкін деп отыр.

Владимир Жириновский,  ресейлік саясаткер:

-Соғыс бір күні аяқталады.  Ол мәңгі емес. Ал майданнан оралғандар ақырындап, қылмысқа шатыла бастайды. Криминалды орталарға қызмет ете бастайды. Міне, сондықтан да Украинаның Донбассында  соғысып жүрген  ресейліктер сол жерде ерлікпен қаза табулары керек.  Соғыстан оралған кез келген ер азамат бірі жаралы, бірі ызалы, бірі досынан айырылған, енді бірі жақынын жерлеп келді. Олар қып-қызыл қан көргендер. Олар  осындай тауқыметтен өткендер, тыныш, бейбіт өмірге бірден үйренісіп кете алмайды. Күндердің күні қолына қару алады. Сондықтан да, Вашингтон, Брюссель, Киев және Мәскеу үшін соғыстың жалғасқаны тиімді. Адамдардың бір-бірлерін қырғаны тиімді.

Нұрзат Тоғжан

«Қамшы» сілтейді

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз