Қостанайдың мамандандырылған әкімшілік соты 60 және 33 жастағы екі ер азаматқа Қостанай темір жол вокзалының ғимаратында жыныстық қатынасқа түскендері үшін айыппұл тағайындады.
Бұл туралы Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі мәлімдеді.
Іс материалдары бойынша, 29 маусым күні таңғы сағат 8-дер шамасында 1955 жылғы Германия азаматы мен 1982 жылғы Ресей азаматы теміржол вокзалы ғимаратының ішінде жыныстық қатынасқа түскен. Олардың бұл әрекеті сол жердегі бейне-бақылау камерасына түсіп қалған.
Сот екі азаматты да қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін әкімшілік жазаға тартты. Тәртіп бұзушылар 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде 19820 теңге айыппұл төлеуге міндеттелді.
Сот шешімі заңды күшіне енді.
Дереккөз: Nur.kz