Әлия Назарбаева Ақан Сатаевтың фильміне продюсер болды (фото)

0
374

 

Әлия Назарбаеваның продюсерлігімен қолға алынған фильмнің соңғы эпизодтары түсіріліп, монтаждау кезеңі басталды. Бұл туралы NUR.KZ тілшісіне “Оралу” (“Дорога к матери”) фильмінің режиссері Ақан Сатаев хабарлады.

12 (2)

Соңғы түсірілім күні алаңға фильмнің бас продюсері Әлия Назарбаева келді.

13 (2)

“Бұл фильм арқылы қазақ халқының бастан кешкен ауыр кезеңдерін көрсетеміз. Осының арқасында жастардың патриоттық сезімін күшейте түсеміз деп сенемін. Енді монтаждау кезеңі желтоқсан айына дейін жалғасатын болады. Барша таспагерлерге, сценарий авторына, барлық актерлерге үлкен алғыс білдіремін”, – деді Әлия Назарбаева.

16

Соңғы эпизодтар Алматы облысына қарасты Шамалған ауылында түсірілді. Негізінен фильм Алматы қаласында және облысында, Белоруссияның Минск қаласында түсірілген.

10 (4)

Толықметражды фильмге 500-ден астам актер қатысқан. Олардың қатарында танымал әртіс Әділ Ахметов, Аружан Жазылбекова, Еркебұлан Дайыров, Алтынай Нөгербек, Берік Айтжанов, Болат Әбділманов сынды елдің жүрегінен орын алған азаматтар бар.

17

Фильмнің желісінде қазақ халқының ХХ ғасырда бастан кешірген күрделі тарихи кезеңдері көрсетіледі. Атап айтсақ, күштеп жүргізілген ұжымдастыру науқаны, жұт, екінші дүниежүзілік соғыс, соғыстан кейінгі бейнетті жылдар көрсетіледі.

15 (2)

Фильмде осы оқиғалардың барлығы Ілияс есімді жігіттің өмірімен байланыстырыла отырып, сол кездегі қоғамның мәселелерін көрсетеді.

14 (2)

1 (3)

5 (4)

8 (4)

6 (4)

11 (4)

4 (4)

2 (4)

9 (4)

7 (4)

3 (4)

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз