ПУТИН: МЕН АГРЕССОР ЕМЕСПІН

0
442

5

Италияның «Corriere Della Sera» газетіне сұхбат берген Ресей президенті Владимир Путин «ағынан жарылыпты». Тым ұзақ сөйлеген екен, бірақ. Назар аударуға тұрады деген ой-пікірін жинақтаған болдық. 


Бізді айыптай береді

Еуропа бізді «лақтырып» кетті. Солай ойлаймын. Қағаз жүзінде қол қойылған келісімдер далада қалды. Ресейлік атом энергетикасының өнімдерін өз нарығына өткізбей тастады.

Посткеңестік кеңістіктегі интеграциялық ұйымдармен әріптестік орнатқысы жоқ. Еуразиялық одақты айтамын…

Қызық. Еуропа біріксе болады да, посткеңестік кеңістіктегі біздер бас құрасақ Батыс Ресейді империя құруда деп айыптайды. Бұл не сөз өзі – түсінбеймін.
Лиссабоннан Қиыр Шығысқа дейінгі аумақта біртұтас экономикалық қауымдастық құру керектігін айтқанмын. Менен бұрын мұны Француз президенті де Голль айтып кеткен. Сөз жүзінде, ыңғайға жығылатын сияқты. Іс жүзінде ше? Әне қараңдаршы, Балтық елдері Еуроодаққа қосылды, қосыла берсін… Еуроодақтың Шығыс әріптестігі неге негізделген өзі?

Украин дағдарысы қайдан шықты?

E69A978F-DE26-4877-8ED9-BC60E03C8249-1024x667Бұл үлкен трагедия. Қыруар адамның қаны төгілді, оңтүстіс-шығыста. Дау неден шықты? Дүние неге бүлінді?

Украинаның бұрынғы президенті Янукович «Еуроодақпен қауымдасу туралы келісімге қол қоймай тұрып ойланып алайын» деді. Себебі, елдің негізгі сауда-экономикалық әріптесі Ресеймен кеңескісі келді. Артынша Киевте бүлік шықты. Мұны Еуропа, Америка қолдай жөнелді.

Одан төңкеріс болды. Антиконституциялық әрекет. Жаңа билік келісімге қол қойғанын айтты, бірақ ол 2016 жылдың 1 қаңтарына дейін шегерілді. Сонда деймін де? Төңкеріс жасаудың, артын азаматтық соғысқа ұластырудың не қажеті бар еді?

Бізді елемеді

putin-i-ukraina-1024x1024.jpg.pagespeed.ce.apABsaqAn72013 жылдың аяғында біз Украинаға 13 млрд доллар несие беруге әзір болдық. Плюс коммерциялық банктер арқылы тағы 5 млрд беретін едік. Тұрақты төлеп тұрса газдың құнын екі есеге арзандатуға уәде бердік.

Украинаның Еуроодақпен қауымдасуына да қарсы емес едік. Әйткенмен, ақырғы шешім қабылдайтын жиындарға қатысқымыз келді. Неге? Себебі, бұл ел (Украинаны айтады, авт.) әлі күнге дейін ТМД еркін сауда аймағының мүшесі, білсеңіз. Сонда бізді елеп-ескермегені ме? Нәтижесі қандай болды?

Біздің нарық Украинаға ашық. Бірақ бәрін украин тарапының өзі тоқтатып тастап отыр.

Ресейлік әскери тікұшақтардың қозғалтқышын 100 пайыз Украина құрастыратын. Тасымал тоқтап қалды. Петербургте мұндай бір зауытты салып тастадық, жыл аяғына дейін тағы біреуі бітеді. Украинада жасалатын әлгі қозғалтқыштар Германияға да, Францияға да керек емес. Сонда кім ұтылды?

Біз қандаймыз?

АҚШ-тың әскери шығыны күллі әлем елдерінің әскери шығынынан асып түседі. НАТО-ның әскери салаға бөлетін қаржысы Ресейден 10 есе, қайталап айтайын 10 есе көп.

Ресейдің өз шекарасынан тыс базалары мүлде жоқ. Иә, Тәжікстанда бар. Ондағы мақсат – Ауғанстаннан төнетін қауіп-қатерді тойтару. Айтпақшы, Қырғызстанда бар екен ғой. Бірақ, бұл қырғыз билігінің өтініші болатын. Бұл да Ауғанстандағы лаңкесшілермен байланысты. Арменияда Кеңес кезінен қалған шағын әскери бөлімшеміз бар. Бірақ, оны да белгілі бір елге қарсы бағытталған деп айта алмаймын. Біз Кубадағы, Вьетнамдағы тағы біраз елдегі әскери базамызды жойдық.

Америка ше?

542918f0326d8_1394701368_izsd299Иә, Америка ше? Норвегия жағалауында олардың жер асты сүңгуірлері жүр. Кезекшілікте, күзетте…Әлгі сүңгуірлердің ракетасы Мәскеуге 17 минуттың ішінде жетеді.
НАТО шығысқа қарай ентелеп еніп келеді. Біз бір орында тұрмыз. Айтып отырмын ғой, керісінше НАТО біздің шекараға қарай жылжып келе жатыр. НАТО дегеніміз – әскери инфрақұрылым, біліп қойыңыз. Сонда кім агрессор?

 

Кім-кімді тоқтату керек?

Ресей агрессиялық әрекетке көшеді дейтіндердің дені сау емес. Ресейдің НАТО-ға шабуылдауын түсіңізде ғана көруіңіз мүмкін. Білмеймін, кейбір елдерде халықты біздің атымызды айтып қорқытатын сияқты. «Құбыжық келе жатыр» дегендей…Сосын кейбір елдерге осындай рөл ойнау тиімді. Осы арқылы әскери, экономикалық, қаржылық көмек алатынын біліп алған олар. Жалпы бұл идея түкке тұрғысыз және мүлдем қисынсыз. Анығы, мұндай қорқыныш туғызу біреуге тиімді. Бұл болжам.

АҚШ Еуропа мен Ресейдің жақындасқанын қаламайды. Бұл да болжам. Айталық, АҚШ атлантикалық қауымдастықтағы көшбасшы рөлін сақтап қалғысы келеді делік. Ендеше оларға сыртқы қауіп, жау, дұшпан керек. Сол арқылы ғана лидерлігін сақтап қалмақшы. Иран аздық етеді, әрі сонша қорқынышты да емес. Ендеше кіммен қорқыту керек? Дәл осы кезде Украин дағдарысы туа қалмасы бар ма?! Ресейдің үнсіз қалмасы белгілі еді. Бәлкім, бұл әдейі ұйымдастырылған болар, кім білсін.

http://www.dalanews.kz/comment/putin-men-agressor-emespin/

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз