Алматыда контрабандашылармен болған атыстың видеосы жарияланды (видео)

0
397

Алматыда контрабандашылармен болған атыстың видеосы желіде пайда болды. Бейнежазбада полицейлерге жеткізбей қашқан Volkswagen көлігінің дөңгелегіне оқ тиіп, аударылған сәті анық көрінеді деп хабарлады 31 арна.

 

Жол сақшыларына құжат көрсетуден бас тартып, қашып кетуге тырысқан жиырма жастағы жүргізуші контрабандалық жүк алып бара жатқан.

Бұл кадрдан қызыл түсті шағын автобустың полицейлерден қашып құтылу үшін, жоғары жылдамдықпен жүйткіп бара жатқанын анық көруге болады. Торайғыров көшесінің бойында, тағы бірнеше жол-патрульдік машинасы оның соңынан қуады. Сонда да тоқтамаған көлікке  полицейлер амалсыздан оқ жаудыруға мәжбүр болған.

Дәлірек айтқанда, Торайғыров пен  Мұстафин көшелерінің қиылысында жол сақшылары Volkswagenнің дөңгелегіне тапаншамен оқ атады. Жүргізуші рөлге ие бола алмай, контрабандалық тауар  тиелген  көлік сол жерде  аударылып қалады. Салдарынан жүргізушінің басы жараланған. Ал шағын автобустың ішінде жалғыз жүргізуші ғана болмаған. Тіпті, қасындағылар тәртіп сақшаларына оқ жаудырған деген ақпараттың ешқайсысы расталған жоқ.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз