Астанада жеңіл рельсті метро 2017 жылы пайдалануға берілмек

0
432

2

АСТАНА. ҚазАқпарат – Астанада жеңіл рельсті метро 2017 жылы пайдалануға берілмек.

Бұл туралы «Астана LRT» компаниясының басшысы Талғат Ардан мәлім етті.

«Біз Астанада LRT атты жобаны енгізіп жатырмыз, ол жоғары жылдамдықты темір жол көлігі, жеңіл рельсті метро. Ол 2017 жылы толықтай жүзеге асады. Оған қаладағы барлық қоғамдық көліктер бағдарланатын базалық жоба болады. Аталмыш негізгі қоғамдық көлік түріне қарап, барлық автобустардың жұмысы үйлестіріледі», – деді ол.

Автор: Жасұлан Жолдыбаев

http://www.inform.kz/kaz/article/2792491

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз