Йемен астанасында тағы да жарылыс болды

0
404
АСТАНА. ҚазАқпарат – Йемен астанасы Сана қаласындағы мешіттердің бірінің маңында жарылыс болды, деп хабарлады «ВВС» агенттігі.Алдын ала мәлімет бойынша, жарылғыш зат мешіт жанына қойылған көліктердің бірінде орнатылған болуы мүмкін. Оқиға туралы нақты ақпарат әзірге жоқ. Қаза тапқандар мен жапа шеккендер туралы да мәлімет жария етілмеген.

Осыдан бірнеше күн бұрын әскери госпитальда жарылыс болған. Оны «ИМ» содырлары ұйымдастырғанын мойындады.

БҰҰ мәліметі бойынша, Йемен халқының 80 пайызы көмекке әсіресе, азық-түлік өнімдеріне мұқтаж.

http://www.inform.kz/kaz/article/2793098

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз