Елорда күні аясында Астанадағы бірқатар супермаркетте 50% жеңілдік болады

0
408
АСТАНА. ҚазАқпарат – Елорда күні аясында Астанада 100 астам мерекелік шара өткізілмек. Атап айтқанда, концерттер, көрмелер, түрлі фестивальдар мен ойын-сауық бағдарламалары. Осындай қызықты шаралардың бірі Астана әкімдігі ұйымдастырып отырған қалалық супермаркеттердегі акциялар марафоны. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарлады.Шыңғыс Тобатаев, Астана қаласы Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының сауда мен қызмет саласы бөлімінің басшысы:
– Елорда күні аясында қала тұрғындары мен қонақтарына арнап Астананың ірі сауда орталықтарында азық-түлік өнімдеріне жеңілдіктер жасау бойынша арнайы әлеуметтік акция өткізіп жатырмыз.

Атап айтқанда, «5 минут» супермаркетінде 1-19 шілде аралығында өтетін жеңілдіктер акциясын насихаттауға бағытталған кітапшалар таратылады. Күн сайын сағат 20:00 бастап аспаздық тағамдарға 30% жеңілдік жасалады, сонымен қатар, 6 шілдеде Тұран, 24, Жангелдин, 31А, Рысқұлбеков, 4 мекен-жайлары бойынша орналасқан дүкендерде тәтті тағамдардан дәм татуға болады.
Астана қаласы Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының хабарлауынша, «Анвар» супермаркеттер желісінің барлық дүкендерінде жеңілдіктер 17-50% құрайды.

«АқОрда Capital» ЖШС мерекеге орай азық-түліктерге (сүт өнімі – 7-15%, «Ассам» шайы – 7%, жұмыртқа – 10%, құс еті – 10%, тәттілер – 30%, сусындар – 20%) 30% дейін жеңілдіктер жасалады.
Ал, елордалық «Green» сауда желісі 1-7 шілде аралығында «Мастер», «Аружан» және «Хан Шатыр» сауда орталықтарында өз тауарларын 17% жеңілдікпен сатады және шілденің 6 күні сауда орталықтарына келушілерге ерекше ілтипат бөлінбек. Әр сатып алушыға, балаларға тәтті тағамдар ұсынылады.
«Астықжан» сауда орталығы Елорда күні аясында тұрғындарға SMS хабарлама жіберіп, 50% жеңілдіктер туралы хабарлайтын болады. 1-6 шілде аралығында «Астықжан» дүкендерінде әлеуметтік маңызды тауарларға жеңілдіктер қарастырылған.
Сонымен қатар, «Smаll», «А2», «Магнум Кэшен энд Кэри», «Астана мир вкуса» сауда желілерінде де айтарлықтай жеңілдіктер болады.

http://www.inform.kz/kaz/article/2793084

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз