Сахалинде адамзатқа беймәлім алып теңіз жануарының денесі жағаға шығып қалды (ФОТО)

0
554

5.1

АСТАНА. ҚазАқпарат – РФ Сахалин облысы Шахтерск әуежайы маңындағы жағалаудан құйыршығында және бүкіл денесінде түгі бар белгісіз теңіз жануарының сүйегі табылды. Бұл туралы SakhalinMedia хабарлайды.

Көптеген жергілікті БАҚ ақпаратты іліп әкетті, ал әлеуметтік желі пайдаланушылары бұл құпия жаратылыстың не екенін дөп басып айта алмай, түрлі нұсқаларды талқыға салуда. Бұл жайында Сахалин балық шаруашылығы және мұхиттану ғылыми-зерттеу институтының болжау бөлімі бастығының орынбасары Николай Ким  SakhalinMedia АА тілшісімен әңгімелесу барысында өз пікірін білдірді.

– Бұл дельфин түрі болуы мүмкін деп сенімді түрде айта аламын. Алайда түгі бар. Бұл тосын жайт. Дельфиндерде түк болмайды. Егер реті келсе, ертең барып, оны зерделеуге кірісемін.

5

5.2

http://www.inform.kz/kaz/article/2792631

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз