Қазақ хандығы туралы 10 серия тағы 3 серияға қысқартылуда

0
407

«Қазақ хандығы» туралы 20 сериялы телехикаяның 10 серияға қысқарғандығы да айтылған еді. Түркістан басылымына берген сұхбатында телехикаяының режиссері Рүстем Әбдірашев оның тағы 3 серияға қысқартылып жатқанын мәлімдеді.

KMS_17551-640x427

Әбдірашев таяуда телесериалды түсірілім барысында кездескен қиындықтары мен шығармашылық топтың жаңалықтары жайлы ойын ортаға салды. Айтуынша сериалға бөлінген қаражат жеткіліксіз екен.

“Қазақта «Алапа» деген сөз бар.­ Жаугершілік заманда «Алапа» әскерге көрсетілетін көмек. Мысалы, соғыс кезінде батырдың аты міністен қалса, ол кез келген ауылдан келіп алапа сұрайды. Тап осындай сериал түсіретін шақта алдымыздан дағдарыс шыға келгені қиын болды. Сериалға бөлінген қаражат жеткіліксіз, уақыт тығыз. Расында да, қаражат жеткіліксіз. Анау түріктің «Сүлеймен сұлтаны» сияқты сериал болса жеңіл болар еді. (Күлді). Кинотанушылар ол сериалды «сөйлейтін бастар» сериалы деп атап жүр. Ондай сөйлейтін бастардың сериалын жасайтын болсақ, мына бөлінген қаражатты қиналмай жеткізер едік. Әжептәуір қаламақы да аламыз. Ал көшпенді қазақтың көшін, батырлардың шайқасын, салт атты қазақ мәдениетін, хандардың ай­бынын, ханшалардың сән-салтанатын көрсете алмасақ онда бұндай сериал түсіріп керегі не?!”, – дейді ол.

Режиссер аз қаражатты жеткізу, үнемдеу үшін бекітіліген он серияның тағы үш серияға тағы қысқартылығанын атап өтті.

Қазір соңғы бекітіліген он сериалды үш серияға тағы қысқарттық. Бұл қаражат қазіргі заманғы жобаларға жұмсалатын болса жеткілікті болар еді. Бірақ, тарихи сериалға жетпейді

“Сериалды әуелде жоспарлағанда кеңінен сілтеп, тарихи оқиғаларды, әсіресе, шайқастарды молынан кірістірген едік. Алайда қаржыға байланысты түсірілім жұмыстарын қай­тадан есептеп, қысқартып жатыр­мыз. Қазір соңғы бекітіліген он сериалды үш серияға тағы қысқарттық. Бұл қаражат қазіргі заманғы жобаларға жұмсалатын болса жеткілікті болар еді. Бірақ, тарихи сериалға жетпейді. Мәселен, 200 мың адамның Өзбек ұлысынан бөлініп, Моғолстанға көшуінің шетжағасын көрсетуге қаражат жеткіліксіз. Кемінде 500 адамды сол заманға сай кинідіру керек”, – дейді Әбдірешев.

Режиссер егер қалталы азаматтар, кәсіпкерлер көмектесіп жатса, қысқарып кеткен үш серияға жуық шайқастар сахнасын қайтадан қосып жіберуге болатынын да айтып отыр.

“Сериал әуелдегідей он серия көлемінде қалады.  Біздің жасаған бұған дейінгі нұсқамызда Жәнібек ханның дүние салуымен, оның өсиет айтуымен аяқталатын еді. Қобыланды батыр өзінің жараланғанына қара­мастан Жәнібек ханды қоршаудың ішінен құтқарып алып шығатын. Сол кезде ақырығы демі таусылуға жақын қалған Жәнібек хан баласы Қасымға, немере інісі Бұрындыққа өзінің өсиетін айтуымен сериал аяқталатын еді. Ал қазіргі ықшамдаудан кейін сол он серияның қалпын сақтай отырып, шайқас сахналарын қысқартып, киіз үйдегі әңгіме-диалогтарды ұзартқалы отырмыз. Бізге қойылыған талап бойынша хронометражды он серияға толтыруымыз керек. Сериалдағы оқиға Керей ханның жорықта қайтыс болғанымен бітеді. Ары қарай Жәнібектің атасы Орыс ханнан, Барақ сұлтаннан қалған Сығанақты қайтып алуымен, Жәнібекті ақ киізге отырғызып хан сайлаумен аяқтағалы отырмыз. Егер кәсіпкерлер қаражат беріп, көмектесіп жатса, қысқарып кеткен үш серияға жуық шайқастар сахнасын қайтадан қосып жіберуге болар еді”, – дейді ол.

Сондай-ақ Рүстем Әбдірашев қаржының тапшылығынан тіпті актерлерге тіктірілетін киім саны да қысқартылып жатқанын айтады.

Әрбір тиынымызды, әрбір қаққан шегемізді есептейтін жағдайға түсіп отырмыз

“Киім мәселесіне қарамастан қолда бар дүниелерді, «Көшпенділерден», «Жау жүрек мың баладан» қалған ескі киімдерді бүтіндеп, екінші пландағы дүниелерді түсіріп жатырмыз. Алайда жаңа жоба болғандықтан бұл сериалдағы басты рөлде ойнайтын актерлерге жаңа костюмдер тіктіруіміз керек. Біз әуелгі жоспарда 400 дана әскери киім тіктірмек едік. Кейін, қаржыға байланысты санын 100-ге дейін қысқарттық. Әрбір тиынымызды, әрбір қаққан шегемізді есептейтін жағдайға түсіп отырмыз”, – дейді ол.

Әбдірашев осы айтылған мәселеге қатысты халықты, кино жанашырларын, кәсіпкерлерді алапаға шақырды.

“Қазақстан халқы жұмыла келіп жүк көтеретін жақсы қасиеттерін тек саясатта ғана емес, мемлекет тарихын дамытуда, насихаттауда да белсенді күш ретінде танытады деп сенемін. Біз қолымыздан келгенше бар күшімізді салып, бұл жобаны сәтті алып шығуға атсалысамыз. Бұндай ауқымды, мемлекеттік маңызы бар, елбасы айрықша көңіл аударған жобаға қолдау жасау − борыш”, – деп сөзін түйіндеді ол.

Еске сала кетсек, осыған дейін, Қазақ хандығы туралы сериалдың 10 сериясы қысқарып қалғандығын жазған едік.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз