Маржан Арапбаеваның Instagram желісіндегі макияжсыз түскен суреттері жанкүйерлеріне ұнамай қалды.
Бет-әлпетін бір сәт бояудан тынықтырған әншіні сынап жатқандар көп. Тыңдармандар өнер адамы халық алдында жүрген соң, үнемі боянып, әдемі болу керек деген пікірде.
Ал әнші тыңдармандарының бұл сынына қатты ашуланбаған. Ол бет-терісін тазартып немесе шаш күтіміне ден қоятынын да әркез еске салып отырады.
Дереккөз: Nur.kz