Өскеменде жас ана өзін зорламақ болған жігітті байқаусызда өлтіріп алды

0
467

20 жастағы Өскемен тұрғыны өзін жыныстық қатынасқа мәжбүрлемек болған ер кісіге ауыр дене жарақатын салды.

newsbel.by

Бұл туралы YK-news.kz-ке сілтеме жасап NUR.KZ хабарлады.

Сотта адвокат әйелдің қорғану мақсатында ер кісіні өлтіріп алғанын алға тартты. Қорғаушысы айыпталушының бұған дейін де зорланғаннан есеңгіреген күйге түскенін айтуда.

Алайда сот айыпталушының кінәсіз екендігіне сенбеген. Дегенмен әйелдің нәрестесі барын ескеріп, ең жеңіл жаза тағайындаған. Айыпты 8 жылға қоныс-колониясында бас бостандығынан айырылды.

Қайғылы жағдай әйелдің туған күнінде болған. Кешкісін Аленаның азаматтық күйеуі өзінің 23 жастағы досы Сергеймен ішімдік ішуге үйіне келген. Аздап қызып алған досы көп қзамай Аленаға тиісе бастаған.

Күйеуі Андрей Сергейді бұл қылығы үшін соққыға алып, орнына қойған. Дегенмен түн жарымда Алена шай ішпек болып асүйге барғанда Сергей оған қайтадан тиісуге кіріскен. Жігіт әйелдің киімін шешуге әрекеттенген. Қатты шошынған жас ана жігіттке сол арада қалай пышақ сұғып алғанын аңдамай қалады.

Айыпталушы кезінде зорланғанның салдарынан өзінің әрекетіне есеп беретіндей жағдайда болмағанын айтқан. Ішінен пышақ соққысын алған ер кісі сол жерде құлап түседі. Әйелінің айқайына жүгіріп келген күйеуі жедел жәрдем шақыртады. Алайда зардап шегуші дәрігерлер келгенше көз жұмған.

Бастапқыда Андрей бар кінәні өз мойнына алмақ болған. Дегенмен әйелі полицейлерге жауап беріп, өз шындығын айтқан.

Сот адвокаттың айыпталушы өзін қорғамақ болды деген болжамын жоққа шығарды. Сот Аленаның сол уақытта айқайлап, көмек шақыруға немесе қашып құтылуына болатынын алға тартқан. Сонымен қатар айыпталушының денесінде зорлық белгісі табылмаған.

Өскеменнің № 2 соты жас ананы 8 жылға қоныс-колониясында бас бостандығынан айырып, қаза болған жігіттің анасына 1 млн теңге моральдық өтемақы және 200 мың теңгеге жуық материалдық өтемақы төлеуге міндеттеді.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз