Қазақстандық кәсіпкер Талғат Байтазиевтің ұлы Киев тұрғындарын өзінің судай жаңа қымбат көлігімен тағы да таң қалдырды. Осы жолы ол Lamborghini Carbonado көлігін сатып алған екен. Көліктің қозғалтқыш күші – 1250 а.к.
Киевте Конституция күнінде көше бойымен жүйткіген Lamborghini Carbonado көпшілік назарына ілікті. Бірегей суперкарды Mansory шеберханасы шығарған. Көліктің атауы – Lamborghini Mansory Aventador LP1250-4 Carbonado Apertos Roadster деп хабарлады Topgir.com.
Құны 1,25 млн еуро тұратын көліктің қозғалтқыш күші – 1250 а.к. Суперкар сағатына ең көбі 380 шақырымға дейін жүйтки алады. Нөмір белгісінен көлік қазақ мұнай магнатының ұлына тиесілі екенін аңдауға болады. 26 жастағы Михаил Байтазиевтің қымбат көліктерін Киевте жиі кездестіре аласыз. Себебі қалталы азамат Киев тұрғынына үйленген.
Михаилдің әкесі баласының қымбат көліктермен жүруіне қатысты түсініктеме берді.
“Ол отызда. Украинада тұрып келе жатқанына бірнеше жыл болды. Менің ұлым Михаил биржалық саудадан ақша табады. Оның достары көп. Солардың бірі – қымбат көліктері бар гараждың иесі. Ол ұлыма кейбіреулерін жалға беріп тұрады”, – деп түсіндірді Талғат Байтазиев бұл жағдайды.
Дереккөз: Nur.kz