
АСТАНА. ҚазАқпарат – Бүгін ҚР Президентінің баспасөз қызметі Мемлекет басшысының akorda.kz ресми сайтының жаңартылған нұсқасын іске қосты.Жаңа сайттың ерекшеліктері ретінде оның қолайлы құрылымы мен навигацияларын, сайттың планшеттер мен смартфондарда толық көрінуіне лайықталған дизайнын, «Президентке хат» функциясы аясында Мемлекет басшысына хат жолдау мүмкіндігі қарастырылғанын атап айтуға болады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
http://www.inform.kz/kaz/article/2793193