Есеп комитеті ҚР СІМ-нің бюджеттік және өзге заңнаманы 2,5 млрд. теңге сомасына бұзуын анықтады

0
394
АСТАНА. ҚазАқпарат – Республикалық бюджеттің орындалуына бақылау жөніндегі есеп комитеті ҚР СІМ-де бюджеттік және өзге заңнаманы 2,5 млрд. теңге сомасына бұзуын анықтады.Ведомствоның баспасөз қызметінің хабарлауынша, Есеп комитетінің кезекті отырысында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне жекелеген бюджеттік бағдарламаларды іске асыруға, бөлінген республикалық бюджет қаражатының Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес пайдаланылуына бақылау жасау шарасының қорытындылары шығарылды.

«Бақылаумен қамтылған 64,6 млрд. теңге көлеміндегі бюджеттік қаражаттың жалпы көлемінен 2,5 млрд. теңгеге бюджеттік және өзге заңнаманың бұзылуы анықталды, 116,1 млн. теңге сомасындағы бюджеттік қаражат тиімсіз жұмсалған», – делінген хабарламада.

Баспасөз қызметінің мәліметтерінше, анықталған бұзушылықтар бюджеттік өтінімдерді құру, бухгалтерлік есепті жүргізу, ғимараттарды жалға алу шығындарын қаржыландыру, шетелдегі мекеме ғимараттарының салынуы мен күрделі жөнделу мәселелеріне қатысты болып отыр.

Министрліктің анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктерді жою бойынша жоспар жасағаны атап өтіледі. Жекелеген бұзушылықтар бақылау шарасын өткізу кезінде жойылған, республикалық бюджет пайдасына 0,72 млн. теңге төленді.

Отырыс қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне анықталған кемшіліктерді, оларға септігін тигізіп отырған себептер мен жағдайларды жою, қазіргі заңнама бұзушылықтарына жол берген лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тарту бойынша шараларды қолдану тапсырылған.

http://www.inform.kz/kaz/article/2793252

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз