
АСТАНА. ҚазАқпарат – Фотограф Фу Чан табиғаттағы аса ерекше, қызықты сәт – небәрі бірнеше секунд қана бүркітке мініп ұшқан қарғаны түсіріп үлгерген, деп жазады epochtimes.ru.Чан алғашқыда қарға бүркітке шабуыл жасамаққа әрекет жасауда деп ойлаған. Бірақ артынша бір құстың екіншісінің үстіне қонақтап, бірге зымырағандығын көргенде аң-таң болған. «Екеуі де бір бағытқа ұшты және маған өзара достар тәрізді көрінді»,-дейді ол.

http://www.inform.kz/kaz/article/2793509