Қытайлық үйінде баққан қос итінің аюлар екендігін екі жыл бойы білмей келген (ФОТО)

1
200

7

АСТАНА. ҚазАқпарат –  Қытайлық екі жыл бойы аюларды ит деп ойлап, үйретіп келген. Бірде Вьетнаммен арадағы шекараға жақын жерде фермасы болған Юньнань провинциясының тұрғынына ер адам келіп, екі «күшікті» сатып алуға ұсыныс жасаған.

Фермер келіскен. Бұдан кейін екі жыл бойы ол «күшіктерді» баққан. Фермердің айтуынша, олар өздерін тәртіпті ұстаған, бірақ күн өткен сайын тамақты көбірек сұраған. Бірнеше рет  тауықтарды ұстап алып, жеп те қойған, деп жазады Shaghaiist.

Жақында ғана ер адам табиғатты қорғау туралы плакатты көзі шалып қалған. Онда қара аюларды сақтау жөнінде айтылған көрінеді. Сонда ғана қытайлық фермасындағылардың  ит еместігін  түсінген.

Фермер аюларды биологиялық полицияға беруге шешім қабылдады.
7.1

http://www.inform.kz/kaz/article/2793514

1 Пікір

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз