Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын болып, жел күшейіп, найзағай ойнайды. Бұл алдағы үш тәулікке арналған синоптиктердің болжамы.
Метереолог мамандардың айтуынша, күннің тұрақсыз болуы фронтальді бөліктердің Қазақстан арқылы өтуіне байланысты. Тек еліміздің батыс аймағында аптап ыстық әзір сақталады.
“Солтүстік, оңтүстік, солтүстік-шығыс өңірлерде ауаның температурасы 20-25 градус болады және жауын жауып, кей жерлерде жел күшейеді, тек батыс өңірлерде ғана жылы ауа массасының енуіне байланысты жауын-шашын тоқтайды, ауа температурасы 35-40 градусқа дейін жоғарылайды”, – дейді “Қазгидромет” РМК жетекші маманы Ләззат Керімова.
Дереккөз: 24.kz