Шымкентте әйелді таспен ұрып өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды

0
437

Полиция қызметкерлері Шымкентте әйелді таспен ұрып өлтірді деген күдікпен ер адамды қолға түсірді, деп хабарлайды жергілікті TVK телеарнасы.

10_наручникик_арест-задержание

“Шымкенттің ІІБ басшысы подполковник Данияр Мейірханның хабарлауынша, күдіктіні шұғыл әрекет ету тобы Жамбыл облысында қолға түсірген. Жасы 34-те. Ал қаза тапқан әйелдің жасы 26-да болған”, – делінген телеарна таратқан хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, 4 шілде күні қаланың 11-шағынауданында әйел адамның денесі табылған. Марқұмның басын біреу таспен ұрып, жаншыған. Алайда жақын маңдағы үйдің тұрғындары ешқандай күдікті дауысты естімегендіктерін айтқан.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз