Таяу Шығыста Күрдістан құрылуы мүмкін

0
580

15

Сирия жерінде жаңадан Күрд мемлекеті құрылуы мүмкін. Кейбір сыртқы күштер бұған мүдделі. Бұл жөніде Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған мәлімдеме жасап, Таяу Шығыста Күрдістан мемлекетінің құрылуына қарсы екенін айтты. Бұл үшін аянып қалмайтынын да жеткізді.

ИШИМ жиһадшыларымен күресу – сылтау ғана

Сириядағы соғыс алғашында тек үкіметке қарсы акция болып басталған митинг еді, кейін келе азамттық соғысқа ұласты. Ең алғашқы толқулар 2011жылдың 26 қаңтарында басталды. Кейіннен 15 наурызда жаппай наразылық шерулерлерге жалғасты. Бұл шерулер ел президенті Башар Асадқа қарсы бағытталған бүкіл халықтық көтеріліске айналды. Башар Асадты Иран, Ресей, Ливан қолдап, тығыз қарым-қатынас орнатқан болатын. Түркия – Сирия президенті Башар Асадты биліктен тайдыру үшін көтерілісшілерді ашық қолдады. Башар Асадпен күресушілер қатарына қосылғысы келетіндерге өз шекарасын айқара ашып та қойды. Әлемнің түкпір-түкпірінен мыңдаған исламдағы радикалдық жолды ұстанатын адамдар «жиһадқа»  аттанып жатты. АҚШ пен НАТО-да бұл «жиһадшыларға» қару беріп, күрестерін ұйымдастырып отырды.  Бірақ, бұл сабаздарымыз бас кезінде ислам шариғатына сәйкес жиһад көрсеткенімен, кейіннен көзқарастары мен мақсатын өзгертіп, айнып кетті. Ислам жиһадында жоқ, тұтқынды жұрт көзінше  бауыздау, адам өртеу,  жас демей, кәрі демей бәрін қырып салумен әлемнің үрейін алды. Өздерін аймақта шариғат орнатамыз деп, «Ирак Шам Ислам мемлекеті» (ИШИМ)   деп жариялап үлгерді.   ИШИМ қазір  Сирияның 3-тен 2 бөлігін жаулап үлгерді. Соңғы жылдары ИШИМ  жиһадшылары Сирия жерінде,  Түркиямен шекаралас маңдағы Кобани қаласын да қоршап, мыңдаған күрдтерді де аяусыз өлтірді.

Бұдан соң АҚШ пен НАТО және Израиль өздері құрған топ бақылаудан шығып кеткен соң, ендігі ИШИМ жиһадшыларын емес, ИШИ -ге  қарсы соғысып жүрген күрдтерді қолдай бастады. Солтүстік Ирак күрд  автономиясының басшысы Месут Барзанидің топтарын қаруландырып, ИШИМ – ге қарсы қойды. Олар Ирактың солтүстігінен келіп, Сириядағы майданға кірді. Соңғы уақыттарда  Барзани басшылығындағы солтүстік Ирак пешмерелері Сирияда ірі  нәтижеге де жете бастаған. Осы айда Тель Абиад қаласын ИШИ-нен қайтарып алған күрдтердің бұл жеңісі қолдаушыларының арқасы болса керек. Сондай – ақ, жақында Түркияда болған парламенттік сайлауда күрдтердің Халықтық демократиялық партиясы (ХДП) да жеңіске жетті. Енді бұл партия Түркия парламентінде күрд мәселесін алдыға шығармақ.

Бұл оқиғаларға түрік саясаттанушылары «Күрдтер күшейіп келеді. АҚШ пен Батыс күрдтертерге  назар аударып отыр. Ендігі бұлардың ойы Таяу Шығыста күрдтердің беделін арттырып, ықпалын күшейтпек. Бұ жолы діни емес, этникалық жағына мән беріп, Иран мен Түркияға да қарсы көзқарастағы аймақта жаңа күрд мемлекетін құру. Күрд мемлекеті Сирияның солтүстігі мен Ирактың батысында құрылуы мүмкін. Бұған қоса Түркияның оңтүстік шығысынан да жер дауламақ. АҚШ пен Батыс тынышсыз аймақты күрдтерге беріп, ыңғайына көнетін, жаңа демократиялық мемлекет құруды көздейді. ИШИМ сапындағылар негізінен АҚШ пен Еуропадан келген исламдағы радикалдық көзқарасты адамдар. Елдерін бұлардан тазартып, Сирия жерінде саяси ойынға пайдаланып, кейіннен бұлардан біржола құтылмақ. Күрдтер ИШИМ-ді жеңер болса, ірі көлемдегі қарулар мен мұнай кеніштеріне ие болмақ. ИШИМ – ді өздері құрып, кейіннен ИШИМ-мен күресуге бел буу, бұл –нағыз ойын», – деп оқиғаларға орай, Таяу Шығыстың болашағына БАҚ-та болжам жасап отыр.

 Түрік барлауы: Сыртқы күштердің  Күрдістан құру жоспары бар

«Бұған, әсіресе, саяси  қатынасы Иран және Түркиямен «ит пен мысықтай» болған Израиль құлшынып отыр. Егер Күрдістан мемлекеті құрылса, аймақта жаңа қақтығыстар дүрбелеңі басталады. 1923 жылдың  24 шілдесінде Түркия республикасы мен Батыс елдерінің өкілдері қол қойған Лозанна келісім-шартында кеткен есені қайтару үшін  қызмет етуде. АҚШ пен Батыс Таяу Шығыста үлкен геосаяси ойындар ойнап отыр. Түркия бұл ойында бақылаушы болып қалмақ емес, керек болса ойынға араласады. Түркиядағы соңғы саяси ахуалдарға да сыртқы күштердің әсері бар»,– дейді Түркияның  Кеден және сауда  министрі  Нуреттин Жаникли.

Түркия саяси зерттеулер институтының жуырдағы жаңалықтарына қарағанда, Түрік барлау қызметі шұғыл жиналыс өткізген. Ұлттық қауіпсіздік қызметі, сыртқы барлау, әскери мамандар мен кеңесшілер қатысқан жиында Сирия жерінде Түркиямен шекаралас аумақта Күрдістан құру жоспары бары айтылып, мәселе талқыланды. «Сыртқы күштер бұл үшін Сириядағы ИШИМ- мен күресуді сылтау етіп, өз мүдделеріне пайдаланып келеді. Сириядағы күрдтердің демократиялық бірлік партиясы  (PYD)  халықаралық коалициялық күштердің әуе шабуылының көмегімен Түркия шекарасына жақын Тель Абиад аймағын ИШИМ содырларынан тазартуға күш салып, этникалық араб пен түркімендерді бұл аймақтан көшіп кетуге мәжбүрлеп, аймақты өз бақылауларына алғанын көріп отырмыз. Халықаралық коалициялық күштердің Аин аль Араб және Африн аймағын әуеден бомбалауы жиілеп, бұл аймақтарды солтүстік Иракпен байланыстыру көзделіп отыр. Нәтижесінде, бос қалған аймақтарға Солтүстік Ирактан күрдтерді көшіріп әкелемек. Сондай-ақ, күрд басшылары Израиль және Еуропа өкілдерімен жиі  кездесіп жүр. Күрдтердің аймақта үстемдігі осылай күшейе берсе, аймақты Күрдістан мемлекеті деп жариялауы мүмкін»,- деп жазады мақалада.

 Күрдтер дербес мемлекет болғысы келеді

Жалпы, түріктер күрдтерді ұната қоймайды. Түркияның Оңтүстік Шығысында тұратын күрдтердің кейбірі қарулы күрд жасақтары (PKK) сапында. Түрік армиясына жиі шабуыл жасап, өз заңдарымен жүріп, бұл аумақтан жер даулап келеді. Бұл топтарды көбіне сыртқы күштер қаруландырып, Түркия үкіметіне айдап салуға пайдаланып жатады. Ердоған билікке келгелі дамыған Түркияның аяғынан шалушылар көп. Түркия күрд қарулы топтарымен күрес үшін соңғы 30 жылда 300 млрд. доллар жұмсапты.

Этникалық арғы тегі жағынан Күрдтер — Таяу Шығыстың ежелгі халықтарының бірі. Күрдтердің көпшілігі  Түркия, ИранИракСирия аумағында өмір сүреді. Осы мемлекеттермен шектесетін АуғанстандаАрмениядаГрузиядаӘзірбайжанда да тұрады. Дүние жүзінде жалпы саны – 40 миллион шамасында. Сирияда 3 миллион, Түркияда  14 миллион, Иракта  5 миллион шамасында күрд тұрады. Діні –негізінде Ислам, арасында Сүнни мұсылмандар да, Шиға мұсылмандар да бар. Кейбіреулер христиан дінін немесе бабаларының езид дінің ұстайды. Өз ішінен курманджи, сорани, езид күрдтері деп бірнеше топқа бөлінеді. Туған тілі – күрд тілі, үнді-еуропалық тілдерінің тобының батыс ирани тармағына жатады, парсы тіліне жақын. Жеке дербес мемлекеті жоқ. Әзірге Ирактың солтүстігінде Күрд автономиясы бар. Күрдтер ұзақ жылдардан бері тәуелсіздік алу үшін күресіп келеді. Дербес күрд мемлекетін құруды аңсайды.

Мақаланы әзірлеген Назар ТҰРЫҚБАЙҰЛЫ

http://www.dalanews.kz/minez/tayau-shygysta-kurdistan-kuryluy-mumkin/

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз