8 шілдеде Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданындағы “Қазақмыс” корпорациясында жаппай төбелес орын алды.
Тау-кен байыту комбинатының асханасында жұмысшылардың бірі тағамның сапасына наразылық білдіріп, комбинат аспазшысын ұрған.
Бұл кәсіпорын жұмысшылары арасындағы топтық төбелестің тууына себеп болды.
Ақтоғай кенті полиция бөлімінің қызметкерлері оқиға орнына келген соң, төбелес тоқтатылды деп хабарлады ШҚО Ішкі істер департаменті баспасөз қызметінен.
Салдарынан тау-кен байыту комбинатының 31 жұмысшысы, соның ішінде бір күзетші зардап шекті. 21 адам – ҚХР мен Қазақстан азаматтары Аягөз және Өскемен қалаларының медициналық мекемелеріне жеткізілді.
Аталған факт бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Қазір жағдай тұрақталып, бақылауға алынды. Тиісті шаралар атқарылып жатыр.
http://www.nur.kz/812870-shyghys-qazaqstanda-qazaqmystynh-qyzme.html