Алматыда полицей бойжеткенге күш көрсетті (видео)

0
394

Алматыда өзін полицей ретінде таныстырған ер кісінің бойжеткенге күш көрсетіп жатқан видеосы ғаламторда жан-жақты талқыға түсті. Өзін тәртіп сақшысы деп таныстарған сәнді киінген азамат адамдардың арашалауына көнбейді. Бойжеткен оның қолын тістеп, жан дауысымен жіберуін  өтінген деп хабарлайды 31 арна.

Ескертпе: Видеода бейәдеп сөздер кездеседі.

 

https://youtu.be/BZWbYWltthA

Видео авторының айтуынша, оқиға 2015 жылдың сәуірінде болған. Алайда ғаламторға салынғаны кеше. Шулы видеоны көргендер полиция қызметкерінің бұл қылығын дөрекелікке балады. Себебі, күші жоқ қызға күш қолдану тіптен ерсі.

Ал, Алматы қаласының Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінің айтуынша, келіншек өз баласын тастап, кетіп қалған болып шықты. Қызын іздеген анасының арызы бойынша жедел уәкілдер оны тауып алған. Сондай-ақ қызметкер “Боран” жол-патруль полициясының экипажы келгенше оны күшпен ұстап тұрған.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз