ҚР Президенті БРИКС және ШЫҰ елдерін көліктік-транзиттік кооперацияны кеңейтуге шақырды

0
310

 

3

УФА. ҚазАқпарат – ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев БРИКС және ШЫҰ елдерін көліктік-транзиттік кооперацияны кеңейтуге шақырды.

«Жаңа қазақстандық «Нұрлы жол» бағдарламасы ауқымында Жібек жолы экономикалық бағдарламасына қосымша ретінде бірыңғай көліктік-логистикалық кеңістікті дамыту және жаңғырту жөнінде белсенді шаралар қолға алынуда», – деді Н.Назарбаев БРИКС мемлекеттері басшыларының шақырылған елдер (ШЫҰ, ЕАЭО)  көшбасшыларымен Уфада өткен кездесуі барысында.

Мемлекет басшысы Орталық Азияны әлемдік коммуникациялық жүйенің өзекті буынына айналдыру біздің еліміз аймағында «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автомагистралі учаскесін, сондай-ақ Қытай мен Каспий теңізін жалғастыратын темір жолды, Қазақстан-Түркіменстан-Иран-Парсы шығанағы теміржол дәлізін салуға жәрдемдеседі, деп атап өтті.

«Бұл көлік күрежолдары өзара Азия, Еуропа, Кавказ және Таяу Шығыс елдерін жалғастыруға тиіс. Сары теңізде Ляньюнган портында қазақстандық терминал ашылуын маңызды жетістік деп санаймыз. Ол іске қосылғаннан кейін Азия-Тынық мұхит аймағы мен Қазақстан арасындағы жүк ағынының көлемін 80 пайыз арттыруға қол жеткізілді», – деді Н.Назарбаев.  

http://www.inform.kz/kaz/article/2795435

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз