
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда мамандандырылған әкімшілік соты Ұлыбритания азаматына заңсыз еңбек қызметі үшін айыппұл салды.«Ұлыбритания азаматы Грей Крейг Дэвид Қазақстан Республикасына келіп, алыс шетелдерден уақытша келген азаматтардың тізіміне тіркелген. Сонымен бірге оның 2014 жылғы 15 мамырдан 2015 жылғы 23 сәуірге дейін жұмыс жасауға рұқсаты болды. Алайда осы мерзім өткеннен кейін де жұмыс істеуді жалғастыра берген. Сөйтіп, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің 5-бөлімі 517-бабында көзделген құқық бұзушылық жасады. Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік соты Грей Крейг Дэвидті еңбекке орналасу рұқсатынсыз еңбек қызметін жүзеге асырып, ҚР-да болу ережесін бұзуға айыпты деп танылып, оған 49 550 теңге мөлшерінде айыппұл салынды», – деп хабарлады облыстық соттың баспасөз хатшысы Боранбай Ғалиев.