Зейнетақы туралы жаңа заң еңбек өтілі көп адамдарды жарылқамақ

0
413
 

Қазақстанда зейнетақы төлеу жүйесіне ауқымды өзгерістер енді. 9 шілдеде Сенат айтарлықтай талас тудырған зейнетақымен қамту туралы жаңа заңды бірауыздан бекітіп, президенттің қол қоюына жіберді деп хабарлады КТК арнасы.

1363234553_pensioners

Жаңа заңға сәйкес, базалық зейнетақы бәріне бірдей төленбейді. Қарттығын қамсыз өткізгісі келетіндерге қазірден бастап тыным таппай жұмыс істеуге тура келіп тұр. Себебі, енгізілген өзгеріске сай егер азамат ондаған жылдар бойы, қорға бір тиын да аудармаса, ақшадан қағылады.

Яғни, жасы келіп жұмыстан босағанда базалық зейнетақысының көлемі 10 мың теңгеден ары аспайтын болады. Қысқасы, Үкімет зейнетақыны еңбек өтіліне сай төлейді. Ол көп болса, ақша да еселеп аударылмақ. Осылайша, шенеуніктер халықты масылдықтан арылтып, көбірек жұмыс істеуге ынталандыруды жоспарлап отыр.

“Енді қазақстандық азаматтар 3 деңгейден зейнетақы алатын болады. Базалық зейнетақы, жұмыс берушілердің 5 пайыздық жарналарына төленетін зейнетақы және өзінің 10 пайыздық жарнасы. 1998 жылдың 1 қаңтарына дейін 6 айлық стажы болатын болса, оған республикалық бюджеттен ортақ зейнетақы төлене беретін болады”, – дейді Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз