АСТАНА. ҚазАқпарат – Қытай елінің 100 жастағы азаматы өз атын жазуды енді үйреніпті. Джао Шунджин есімді қарт Қытайдың шығысындағы Ханчжоу қаласында тұрады, деп жазады massaget.kz.
Джаоның 70 жастағы баласы Луо Роншенгтің айтуынша, анасы осыдан бір ай бұрын оқу мен жазуды үйренгісі келетінін айтқан екен. Содан кейін ол 10 күндік сабақ алып, 100-ден аса Қытай тіліндегі таңбаларды үйренген. Жасы жүзге келген шәкірт сабаққа күніне екі сағат жұмсайды екен.
«Менің анам ешқашан мектепке барған емес. Жасы келсе де білімге құмартуы бізді қуантады», – дейді Луо.
Оқу бағдарламасы басталмас бұрын Луо Джаоға өз атын жазуды үйреткен.
«Мен сөздің таңбалары жақсы көрінуі үшін оның атын маркермен жаздым. Сосын анам өз атын бір сағат отырып жазды», – дейді Луо Роншенг.
Өмір бойы көкөніс сатумен айналысқан Джао 1950 жылдары университетке түскені туралы қағаз алады. Бірақ оқи алмағандықтан, онда не жазылғанын біле алмай дал болған. Кейін өзі тұрған ауылдағы хат танитын санаулы кісілердің көмегіне жүгінген екен.
Ол бүгінде сауатсыздықтан шаршағанын үнемі айтып отырады. Сол үшін де өз балаларының оқуына баса көңіл бөлген екен.
http://www.inform.kz/kaz/article/2797988