жарылыс салдарынан 80 адам көз жұмды

0
414

4

АСТАНА. ҚазАқпарат  – Иракта Ораза айтын тойлау рәсімінің соңында жарылыс болып, салдарынан 80 адам қаза тапты.

Бұл туралы  Reuters-ке сілтеме жасап Газета.Ru хабарлады.

Бомба салынған көлік Бағдадтан солтүстік-шығысқа қарай  30 шақырым қашықтықта орналасқан Хан Бани Саад қаласындағы базарда жарылды.

Жарылыс салдарынан 50-ден аса адам жарақат  алды. Хабарлағандай, қаза тапқандар мен жарақат  алғандар Ораза айтын тойлап жүрген мұсылмандар.

Бұған дейін 21 адам көз жұмды деп хабарланған болатын.

http://www.inform.kz/kaz/article/2797994

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз