Сенбіде ел аумақтарының басым бөлігінде аптап ыстық болады

0
193

5

АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстан аумағының басым бөлігінде 18 шілдеде ауа райы тұрақсыз, кей жерлерде өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді, жел күшейеді, тек оңтүстік пен пен шығыста ғана күн ашық болады.

Бұл туралы «Қазгидромет» хабарлады.

Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қостанай, күндіз Ақмола, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Павлодар, Қарағанды облыстарында кей жерлерде жел күшейіп, жылдамдығы 15-20 /с.-қа жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде жаңбыр жауады, 15-20 м/с. жылдамдықпен жел соғып, шаңды дауыл көтеріледі.

Күндіз Жамбыл облысында аптап ыстық болады. Алматы, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында да  күндіз аптап ыстық, кей жерлерде өте ыстық болады.

Күндіз Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Ақмола, Павлодар облыстарында аптап ыстық сақталады.

Ақтөбе, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде өрт шығу қаупі аса жоғары.

http://www.inform.kz/kaz/article/2798026

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз