27 шілде күні Қазақстанның ДСҰ-ға кіруіне орай ресми шара өтеді

0
689

5

АСТАНА. ҚазАқпарат – 27 шілде күні Қазақстанның ДСҰ-ға кіруіне орай ресми шара өтеді, деп хабарлады Твиттердегі парақшасында ҚР Парламент Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев.

«27 шілде күні ДСҰ-да Қазақстанның осы ұйымға кіруіне орай ресми шара өтеді. Бүгін Президент Нұрсұлтан Назарбаев Женеваға барады», – деп жазған жоғарғы палата спикері өз аккаунтында.

Еске сала кетейік, 22 маусым күні Мемлекет басшысы ДСҰ-ға кіру жөніндегі келіссөздердің аяқталуына байланысты Қазақстан халқына үндеу жолдаған болатын.

http://www.inform.kz/kaz/article/2800544

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз