800 тонна шөпті өрт жалмады

0
418

 

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысы Аршалы ауданының Түрген ауылында « «Агрофирмапоиск» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қысқа жинаған төрт мая шөбін өрт жалмады, деп хабарлады аймақтық ТЖД баспасөз қызметінен.ТЖД мәліметі бойынша өрт шілденің 25-нен 26-на қараған түні сағат 00:22 минут шамасында орын алған. Осының салдарынан «Агрофирмапоиск» ЖШС-нің қысқа жинаған мал азығы, яғни барлығы 800 тоннаны құрайтын 4 мая шөбі күйіп кеткен. Тілсіз жауды ауыздықтауға ТЖД 6-ӨБ жеке құрамынан 6 адам мен 2 бірлік техника және 3 өрт сөндіру насосы, сондай-ақ, серіктестіктен 4 бірдей К-700, су тасымалдайтын үш ГАЗ-53 көлігі, 1 бульдозер және 30 жұмысшы жұмылдырылды.

http://www.inform.kz/kaz/article/2800653

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз