Қытайда әлемдегі ең үлкен телескоп құрастырылады

0
537

10

АСТАНА. ҚазАқпарат – Қытай әлемдегі ең ірі радиотелескопқа монтаж жасауды бастады. Оның көмегімен ҚХР алыс ғарышты зерттемек, сондай-ақ Галактика шегіндегі тіршілік іздерін іздейді. Обсерваторияның үлкендігі 30 футбол алаңын құрайды, деп хабарлады The Economic Times басылымы.

FAST (Aperture Spherical Radio Telescope) телескобының диаметрі 500 метрді құрайды. Бұл көрсеткіш бойынша обсерватория әлемдегі ірі телескоп – Пуэрто-Рикодағы Аресибо (диаметрі 305 метр) обсерваториясын басып озады.

FAST (Aperture Spherical Radio Telescope) радиотелескобы Гуйчжоу провинциясының оңтүстік-батысына орналастырылады. Үш бұрышты нысанның 4450 панелін монтаждауға құрылысшылар биыл 23 шілдеде кірісті.

Құрылыс 2011 жылы басталған, 2016 жылы аяқталады. Жаңа  телескоп құны 100 миллион долларға бағалануда.

http://www.inform.kz/kaz/article/2800582

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз