Н.Назарбаев Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылуы туралы хаттаманы рәсімдеді

0
454

1

ЖЕНЕВА. ҚазАқпарат – Бүгін Дүниежүзілік сауда ұйымы бас кеңесінің отырысының қорытындысында Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылуы туралы хаттамаға қол қойылды. Құжатты ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен ДСҰ бас директоры  Роберто Азеведо рәсімдеді.

Осыдан кейін Р.Азеведо Қазақстан Президентіне Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелікке өткендігін ресми қуаттайтын «Қазақстан» деген жазуы бар арнайы тақтайшаны табыс етті.

Ресми шара аяқталғаннан кейін ДСҰ хатшылығы мен қазақстандық делегация мүшелері естелік суретке түсті.

Қазақстан Президенті ДСҰ-ға мүше елдер өкілдеріне жан-жақты ынтымақтастықтары үшін  шынайы алғысын білдірді. Сонымен қатар Қазақстанның ұйымға мүше барлық елдердің экономикалары мен халықтардың мүддесіне сай жұмыстарды одан ары жалғастыруға дайын екендігін айрықша атап өтті.

http://www.inform.kz/kaz/article/2800963

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз