Ғалымдар: қалта телефоны мен Wi-Fi онкологиялық ауру тудырады

0
459
АСТАНА. ҚазАқпарат – Күндіз-түні ұялы құрылғыны жанынан тастамайтындар үшін жағымсыз жаңалық келіп жетті. Ғалымдардың Electromagnetic Biology & Medicine беделді басылымында жариялаған мақаласына сәйкес, сымсыз әрі сәнді гаджеттер адамды онкологиялық дерттерге шалдықтыруы мүмкіндеп хабарлады www.24.kz.Себебі смартфондар мен өзге де сымсыз құрылғылардан тарайтын радиация ағзада метаболикалық тепе-теңсіздік тудырады. Ал бұл құбылыстың соңы обыр мен өзге де ауруларға әкеліп соқтырады. Сондай-ақ қалта телефонын үнемі пайдаланудан бас ауырып, адам шаршап, тері тітіркенеді екен.  Дәрігерлер түнде жатар орыннан  қалта телефоны, планшеттерді алысқа шығарып тастап, уай-файды сөндіріп жатуға кеңес беруде, деп жазады informing.ru.

http://www.inform.kz/kaz/article/2801059

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз