1 тамыздан бастап «Тұлпар-Тальго» пойыздарына жаңа жеңілдіктер енгізіледі

0
331

6

АСТАНА. ҚазАқпарат – «Жолаушылар тасымалы» АҚ 2015 жылдың 1 тамызынан бастап күндізгі кестемен жүретін (бір бағытқа) төмендегі пойыздарға 10% жеңілдіктер енгізілгенін хабарлайды;

– №35 Алматы-Шымкент бағытына;  – №49 Алматы-Ақтөбе бағытына;  – №50 Ақтөбе-Алматы бағытына;  – №78 Атырау-Алматы бағытына;  – №90 Қызылорда-Астана бағытына.

Бұдан бөлек, барлық «Тұлпар-Тальго» жолаушылар пойыздарының (№25/26 Алматы-Шымкент пойызынан басқа)  жоғарғы орындарына 5% көлемінде   жеңілдіктер қарастырылған.

Бұл жеңілдіктер бұған дейін белгіленген жеңілдіктерге, яғни тарифті икемді басқару мен дисконттық карталарға қосымша енгізіліп отырғанын айта кету керек.

Сондай-ақ, 2015 жылдың 1 тамызынан бастап «Жолаушылар тасымалы» АҚ «Құрмет» (60 жас пен одан ересек адамдар үшін) және «Жастар» (16-25 жас аралығындағы жастар үшін) дисконттық карталарға қазіргі 10 пайыздық жеңілдікті 30 пайызға дейін көбейткенін хабарлайды.

«Саяхатшы» дисконтты картасы – жүрдек пойыздарда соңғы 12 айда төмендегідей бағаға сапарлаған тұрақты жолаушылар үшін:

100 000 теңгеден 150 000 теңгеге дейін, жеңілдік көлемі – 10 пайыз; 150 001 теңгеден 200 000 теңгеге дейін, жеңілдік құны – 15 пайыз; 200 001 теңгеден жоғары, жеңілдік көлемі – 20 пайыз жеңілдіктер қаратырылған.

Қосымша ақпаратты темір жол вокзалдарының анықтамалықтарынан немесе 105 бірегей анықтама қызметінен алуға болады, деп хабарлайды «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі.

http://www.inform.kz/kaz/article/2801135

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз