Талас қаласында алаяқтық жасады деген күдікпен танымал қырғыз әншісі ұсталды

0
370

9

АСТАНА. ҚазАқпарат –  Қырғызстанда Омар лақап атымен белгілі эстрадалық әнші Омурбек Жанышев Талас қаласы облыс орталығының стадионында өткен концерттен кейін қамауға алынды, деп хабарлады ТАСС.

Жанышевті милиция қызметкерлері алаяқтық жасады денген күдікпен ұстады.

Құқық қорғау органдарының ақпаратына сүйенсек, 27 жастағы белгілі әнші Нұржан Токтогуловпен бірге өткен жылы Талас облысы фермерінен сатып беремін деп ірі көлемде бадана алған. Тауардың құны 20 мың доллар болады екен. Әлі күнге дейін ақшасын да бермеген, не тауарды қайтармаған. Осыған байланысты алданған шаруалар олардың атына милицияға шағым түсірген. Әнші бірнеше күн бұрын ұсталды, сот оны тұтқындауға санкция берді.

http://www.inform.kz/kaz/article/2801394

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз