Қарындасын зорлаған педофил 17 жылға сотталды

0
440

Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі соты қарындасын зорлаған тұрғынға  қатысты 17 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

педофил
«Ақтөбе облысының тумасы, санасын арақ тұмандатқан Ж.Т. анасының науқастығын, қарындасының қорғансыздығын пайдаланып, үш жыл бойы әкесі бөлек, шешелері бір қарындасын жыныстық қатынас жасауға мәжбүрлеп келген»,  – делінген хабарламада.

28 жастағы жанұялы педофилдің қылмыстық әрекеттері сотта, сот-дәрігерлік сараптамасында толықтай дәлелін тапты.

Сот үкімімен Ж.Т-ға  Қылмыстық кодекстің 120- бабының төртінші бөлігімен, 120-бабының үш бөлігінің үш тармағымен 121-бабының 4-бабының төрт бөлігімен көзделген қылмысты жасауда кінәлі деп танылып 17 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз