“Атамекен” ҰКП басшысы Абылай Мырзахметов журналистермен өткізген кездесу барысында мемқұрылымдардағы жалақы мөлшерін жария етті.
Бұл туралы Kapital.kz-ке сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.
“Жемқорлықтан бөлек, біз қоғам назарын мемқаражатты тиімді жұмсау мәселесіне аударатын боламыз. Бұған дейін біз ешқандай артық шығын жоқ екені айтылған ақпаратты (“Атамекен” ҰКП-ға – ред.) жариялаған едік. Мен Вера Кобалияның (“Астана ЭКСПО-2017″ басқарма төрағасының экс-орынбасары) ЭКСПО-дағы жұмысы үшін 1 млн 200 мың теңге алып отырғанын білгенімде, арым тазарып қалғандай болды. Біздікілер (орталық аппарат менеджменті – ред.) істеген жұмысына сай 750 мың алады. Ал менің әріптесім Рахметов мырза (“Самұрық-Қазына” ҰӘҚ басқармасының мүшесі – ред.) 1 млн 800 мың алып отырады. Ол тым көп жұмыс істеймін деп санайды”, – дейді Абылай Мырзахметов.
ҰКП жалақы мөлшерін атқарған жұмысының тиімділігіне қарай тағайындап отырады.
“Қызметкерлерімізді тиімді нәтиже көрсетуге ынталандыру үшін біз олардың жалақысын қысқартудың орнына, 60-70% жалақысын тұрақты етіп, қалған 40%-ын KPI-ға байланыстырып, көрсеткен нәтижелері үшін бонус ретінде беруді ұсынамыз. Бірақ біздің жұмыста KPI-ды белгілеу оңай емес. Кей ұйымдарда тиімділікті сатылым мөлшерімен, өндіріс мөлшерімен анықтау мүмкіндігі бар. Ал ҰКП-дағы жұмысты бағалау қиын”, – дейді Абылай Мырзахметов.
Ол қазіргі уақытта ҰКП-да 272-ге жуық адам қызмет ететініне назар аудартты.
“Біз штатты шамамен 100 адамға оңтайландыруды жоспарлап отырмыз”, – дейді Кәсіпкерлер палатасында.
Дереккөз: Nur.kz